Сарбасов Болатхан Серғазыұлы 1973 жылы 24 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжота ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін (1998), аталған университет магистратурасын (2000), М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (2004) бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты (2011), қауымдастырылған профессор (2018), профессор міндетін атқарушы (2019). Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 19 жыл. 2003 жылдан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасында қауымдастырылған профессор болып қызмет істеді. Ғылыми еңбектері: «ТМД халықтары әдебиетінің тарихы» (Оқу-әдістемелік құрал 2005ж.), «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» (Оқу-әдістемелік құрал 2008ж.), «Махамбет Өтемісұлы шығармаларының көркемдік сипаты» (Оқу құралы 2011ж.), «Рухани тәрбие әлемі» (Әдістемелік тәрбие құралы 2014ж.), «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті» (Оқу құралы 2016ж.), «Қытайдағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» (Оқу құралы 2017ж.), «Ежелгі дәуір және түркі халықтары әдебиеті» (Электронды оқулық) (2017), ҚР БҒМ Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің ұсынуымен «Ежелгі дәуір және түркі халықтары әдебиеті» (Оқу құралы 2018ж.), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (Оқу құралы 2019ж) және 150-ден аса ғылыми зерттеу еңбектері мен ғылыми мақалалары авторы. Оқытушы марапаттары: Өзінің тәжірибелі ұстаздық шеберлігімен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалімен (2014), Қазақстан Республикасы «Өрлеу» білім-ғылым технология интернет порталы Білім беру саласында айрықша еңбегі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен (2015), Білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай Республикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналы ұйымдастырған «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» жобасының арнайы медалімен (2017) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин медалімен» (2018) марапатталды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығына «Білім және ғылымға сіңірген еңбегі үшін күміс медальмен марапатталды (2019). 2019-2021 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін абыроймен белсенді атқарды. 2019 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор м.а. 2022 жылғы "Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы".
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
01.09.2019 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
24.12.2018 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Ы.Алтынсарин төсбелгісі | |
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы |
4
құжаттар
1